Ертіс аграрлық-техникалық колледжі
Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы білім беру басқармасының "Ертіс аграрлық-техникалық колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Расписание звонков
  • 1 пара:   9.00 – 10.30
  • 2 пара:   10.40 – 12.10
  • 3 пара:  12:30 – 14:00
  • 4 пара:  14.10 – 15.40
Статистика
Бір жылда0
Бір айда0
Бір аптада0
Кеше0
+7 (71832) 211 91
ertispl21@mail.ru

Талапкерге

Құрметті талапкерлер!

«Ертіс аграрлық-техникалық колледжі» КМҚК сіздерді сұранысқа ие әрі сапалы кәсіптік білім алуға шақырады!

Колледждің басты артықшылықтары:

  • Тегін білім алу мүмкіндігі.
  • Шәкіртақы— ай сайын 43 574 теңге көлемінде төленеді.
  • Жатақханада тегін тұру (басқа өңірлерден/ауылдардан келген студенттер үшін).
  • Бір реттік тегін ыстық тамақпен қамтамасыз ету (дәмді түскі ас).
  • Еңбек өтілі: колледжде оқыған мерзіміңіз сіздің еңбек өтіліңізге ресми түрде кіреді.

МАМАНДЫҚТАР ТІЗІМІ:

9 сынып негізінде(оқу мерзімі: 2 жыл 10 ай):

  1. Мамандық: 07161600 Ауылшаруашылығын механикаландыру
    • Біліктіліктері:3W 07161601 Слесарь-жөндеуші, 3W 07161603 Ауылшаруашылық өндірісінің тракторист-машинисі.
  2. Мамандық: 10130300 Тамақтандыруды ұйымдастыру
    • Біліктіліктері:3W 10130301 Кондитер-безендіруші, 3W 10130302 Аспазшы.

11 сынып негізінде(оқу мерзімі: 1 жыл 10 ай):

  1. Мамандық: 04110100 Есеп және аудит
    • Біліктілігі:3W 04110101 Бухгалтер-кассир.

ҚАЖЕТТІ ҚҰЖАТТАР ТІЗІМІ:

  1. Өтініш.
  2. Аттестат (түпнұсқа).
  3. 3х4 көлеміндегі фотосурет — 4 дана.
  4. №075-у медициналық анықтамасы + флюорография.

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2026 жылдың 25 маусымынан 27 тамызына дейін созылады.

 

Іріктеу критерийлері және қабылдау тәртібі - әңгімелесу.
 
 
 
"2026-2027 оқу жылына қабылдау комиссиясын құру туралы" 2026 жылғы 5 маусымдағы №13 бұйрығы: https://drive.google.com/file/d/1p_iAmACHkEuJjmGcJHLx6VPuMWjjL-8E/view?usp=drive_link
 
 
 
Жұмыс кестесі: 09:00-ден 18:00-ге дейін, түскі үзіліс 13:00-ден 15:00-ге дейін.
 
Сенбі күні сағат 09: 00-ден 14: 00-ге дейін.
 
 
Біздің байланыс мәліметтеріміз:
  • Мекенжайымыз:Ертіс ауылы, Гагарин көшесі, 81.
  • Байланыс телефоны: 8(718)322-11-91.
  • Ұялы телефон: 87051531301

 

Ертіс аграрлық-техникалық колледжімен бірге жарқын болашаққа қадам басыңыз!