Ертіс аграрлық-техникалық колледжі
Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы білім беру басқармасының "Ертіс аграрлық-техникалық колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Расписание звонков
  • 1 пара:   9.00 – 10.30
  • 2 пара:   10.40 – 12.10
  • 3 пара:  12:30 – 14:00
  • 4 пара:  14.10 – 15.40
Статистика
Бір жылда0
Бір айда0
Бір аптада0
Кеше0
По вопросам Дистанционного обучения звонить по телефону горячей линии 87762255431.
Ответственный за ДО - зам руководителя по учебной работе
Смолякова Наталья Николаевна.
+7 (71832) 211 91
ertispl21@mail.ru

Колледж тарихы

Әлеуметтік жүйенің бір бөлігі болып табылатын кезкелген білім беру мекемесі күрделі, ашық және динамикалық әлеуметтік-педагогикалық жүйені білдіреді.

"Ертіс аграрлық-техникалық колледжі" КМҚК білім беру қызметін арығында 80 жылдан астам уақыт жұмыс істейді.

"Ертіс аграрлық-техникалық колледжі" КМҚК ауылдық жерлерге мамандар даярлауға бағытталған. Жұмыс атқарып келген барлық жылдары (колледж 1939 жылы құрылған) колледжде ғылым мен техниканың жетістіктеріне, педагогикалық тәжірибеге, оқу-тәрбие процесін нақты талдауға, білім беру ортасын құруға бағытталған кешенді шаралар жүйесіне, тұлғаның қалыптасуы мен дамуын қамтамасыз ететін, әлеуметтік және кәсіптік өзін-өзі билеуге қабілетті, бірнеше мамандықтарды меңгерген, мұғалімнің кәсіби шеберлігінің жоғары деңгейін қамтамасыз етуге негізделген тұтас педагогикалық жүйе қалыптасты. Жұмыс істеген жылдары колледж ауыл шаруашылығы үшін жұмысшы кадрларды даярлау мен қайта даярлауда зор табыстарға жетті.

Колледж балалармен жұмыс істеудің үлкен тәжірибесін жинақтады, бұны облыстық және республикалық жарыстарда жоғары нәтижелері мен көптеген жеңістері растайды.

80 жылдық қызмет жылдары колледж өз мәртебесінде қайта құруларды бастан кешірді:

-1939ж. механизация мектебі,

-1958ж. № 39АШМУ,

-1969ж. № 39АКТУ,

-1983ж. №21АКТУ,

-1998ж. №21КТМ,

-2000ж. №21КМ,

-2008ж. №21КЛ,

-2012ж. «№21Ертіс колледжі»КММ,

-2013ж. «Ертіс аграрлық-техникалық колледжі»КМҚК