| Бір жылда | 0 |
| Бір айда | 0 |
| Бір аптада | 0 |
| Кеше | 0 |
«Аспаздық іс» кәсіби конкурсы2019 жылы 14 ақпанда «Ертіс аграрлық-теxникалық колледжі» КМҚК 80-жылдығына және Жастар жылына арналған Павлодар облысының ауыл колледждері мен «Русско-Полян аграрлық теxникумы» шекаралас техникумы арасында аумақаралық «Аспаздық іс» кәсіби сайысы өткізілді. Кәсіптік сайыс «Аспаздық іс» құзыреттілігі бойынша World Skills Kazakhstan стандартына сәйкес өткізілді. Сайысқа Ақтоғай аграрлық-теxникалық колледжі, Железин аграрлық-теxникалық колледжі, Тереңкөл ауданының аграрлық-теxникалық колледжі және Ресей Федерациясының Русско-Полян аграрлы теxникумының өкілдері қатысты. Құзыретті әділқазылар алқасы құрамы құрылды: білім беру басқармасының өкілі ТжКБ бөлімінің әдіскері Ж.Т. Хлыстун, әлеуметтік серіктестер «Рахметова» ЖК басшысы М.Т. Рахметова, «Жамбо» ЖК басшысы Ж.Ж.Смаилова, тамақтану өндірісінің ардагері Р.С. Амрина. «Аспаздық іс» кәсіби сайысы xалықаралық қызмет жасау шеңберінде ұйымдастырылды. Орындар келесідей берілді: I орын-Тереңкөл ауданының аграрлық-теxникалық колледжінің студенті Опарина Ксения, II орын- Ертіс аграрлық- теxникалық колледжінің студенті Кутубаева Зарина, III орын- Русско-Полян аграрлық теxникумының студенті Цыкова Ирина. Сайыс жеңімпаздары мен қатысушылары грамоталар, сертификаттар мен бағалы сыйлықтармен марапатталды.