| Бір жылда | 0 |
| Бір айда | 0 |
| Бір аптада | 0 |
| Кеше | 0 |
Павлодар облысы білім беру басқармасының өңірлік оқу-практикалық дене шынықтыру орталығы Павлодар облысы колледждерінің оқушылары арасында баскетболдан онлайн-турнир ұйымдастырды. Жарыс бағдарламасына 3 тест тапсырмасы кірді: – үш ұпайлық сызықтан допты лақтыру, еркін лақтыру және доппен өтуді орындау.
Жарысқа 83 студент-56 ұл және 27 қыз қатысты. Қыздар арасындағы турнир қорытындысы бойынша І орынды ПБ-11 тобының студенті Федорчук Оксана иеленді.
Облыстық онлайн турнирдің жеңімпаздары мен жүлдегерлері білім басқармасының грамоталарымен және медальдарымен марапатталды.